Осы жақта. Ана жақта. Ешқайда
Куратор: Камила Нарышева
Орта Азиядағы заманауи өнердің алғашқы даму кезеңдерінен көтеріліс ұшқынын байқауға болады. Суретшілер өз туындысын Кеңес парадигмасынан, сыншыл реализмнен және цензурадан арылтуға тырысып бақты. Көп ұзамай-ақ Орта Азиядағы заманауи өнер бұрын-соңды байқалмаған акционисті, алуан түрлі және сыни сипатқа ауысты. Қазіргі уақыт күрделі әрі тынымсыз болса, болашақ ашық әрі сан қырлы, мәдениет енді қалыптасып жатқан және түрлі өзгеріске дайын еді. Посткеңестік аналитикалық жұмыстар 1990 жылдардың соңында ғана қалыптаса бастаған жаңа мәдениетке ауысты.
Бірнеше жылдан соң мәдениет қалыптаса бастағанын және мәдениет пен ақпараттың шымылдығы кенеттен ашыла түскенін ұғынамыз. Интернет, халықаралық телевизия, этникалық отанына оралған адамдар – өзгеріс тез әрі жедел түрде жүрді. Кей суретшілер бұл өзгеріске сыни көзқараспен қарады: бақылап, қағазға түсіріп, көп жағдайда болып жатқан нәрселер мен оқиғалардың оғаш кейпіне үңілді. Орта Азия өнері жаппай қабылданған модернизмді бастан кешпеді. Кей суретшілер жергілікті өнер аспектілеріне дәстүрлі модернистік кейіп беруге тырысты, бірақ мұның нәтижесінде ұдайы постмодернистік туынды пайда болатын. Ал постмодернизм жергілікті өнердің өркендеген саласы еді. Ирониялық, оғаш әрі профандық дүниелерді мұқият талдап, тереңнен толғап, бейнеп, көпшілікке ұсынды. Әрине, барлық суреткер ол үддеден шықпады, тіпті олардың бәрін бір санатқа енгізе салу да әбестік болар еді.
Өкінішке қарай, қалай болғаны белгісіз, барлық суреткер бір санатқа еніп кетті. Орта Азия суретшілері халықаралық аренада жеке-дара санат болып топтасты. Осындай лейблден, осындай суреткерлерден: көшпелілік, саяси жұмыс, посткеңестік және отаршылдық түсініктегі мәдениетті бейнелеу, көрсету сынды көп нәрсе күтуге болатын еді. Биліктің жедел түрде авторитаризмге ауысуы және оның оппозицияға төзімсіздігі кесірінен жалғыз оппозиция – өнер қалды. Иә, бұл оппозицияны жергілікті шағын бастамалар мен халықаралық өнер форумдары қолдады. Халықаралық мағынада Орта Азия суретшісі саясатпен, не болмаса жергілікті мәдениетпен айналысады деп сенді.
Осындай сан қырлы, бірақ шектеуі көп алаңда суретшілер сын көзімен жұмысын жалғастыра берді. Күнделікті өмірде, «ресми» мәдениетте жоқ мәдени дискурстар жасады.
Тіпті саясаттан тыс, күнделікті сынды жаңа аймақтың жаңа эстетикасында қолдануға болады. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі жылдары кері эстетиканың реактивті толқыны басталды. Бүкіл жерде қолданылатын мәдени символдардың жаңа эстетикасы жаңа ұлттық парадигманы, елдің этникалық шығу-тегін айқындап, «бұл аймақ әлі де тарихы бай екенін және жаңа елге айналғанын» жердің әр түкпірінде айта бастады. Дәстүрдің бұл жаңа мәдениеті де сан қырлы екенін ұғу үшін эстетика толыққанды әрі жағымды идеалға ұмтылды. Міне, осылайша жергілікті мәдениеттің дәстүрлі элементтерін де, ХVІІ ғасырдағы Францияның өрнек өнерін де біріктіретін қазақ бароккосы дүниеге келді. Сәуле Дүйсенбина мен Бақыт Бубиканова өз жұмыстарында жаңа эстетиканың өміріне серпін беретін мысқылды тап басты. Жергілікті мәдениеттің посткеңес мәдениеттері бірігіп, тұтастанып кетті. Мысалы, Алеска Шиндиннің құрақ құрауы не шапан тігуі, Диляра Қайыпованың кестесі. Әрбір белгілі эстетика басқа эстетикамен қосылып, бірегей әрі таңғажайып элементтердің басын құрайды. Кейде бұл жаңа эстетиканы нығайту жеткіліксіз.
Кейде бұл жаңа эстетиканы нығайтып қана қою жеткіліксіз. Бұл эстетика 2000 жылдардағы жастардың таңдайын қақтырмайды, керісінше олардың тәрбиесінің көлеңкесіне айналғандай. Себебі олар уақыттың құбылмалығын біліп, зәулім ғимараттардың салынып, дәл сол уақыттың дәстүршілдікке өтіп жатқанын көріп өсті және кішкентай кезінде мұның астарына үңілмеді. Десе де бұл жағдай олардың сезіміне әсер етті. Қазір жас суретшілер ирония мен профанның жетегіне ермейді, керісінше өзін зерттеу арқылы Орта Азия суретшісі болу дегеніміз не деген ойды жеткізетін жаңа жол табады.
Мәдениеттің қалай өзгеріп жатқанын бақылай отырып, өзін-өзі мазақ ету сирек кездесетін машық және мақсат секілді көрінеді. Жалпы 2000–2010 жылдары біртүрлі ақпараттар мен мәдениет ағымында өмір сүрген адам қандай жан? Марат Ділмановтың суреттері қазіргі мәдениет пен қоршаған ортаның не екенін айқындайды. Бірақ оның шығармашылығы қандай да бір дүниені мақсатты түрде мысқылдамайды, оның шығармашылығы айқын, туындысы өз көңіл көзі арқылы ғана байқалады. Әзиза Шәденованың суреттері уақыт аясына, қандай да мерзімге байланбаған, редакциялық фотосуреттері бастапқы эстетикасын 9–10 жылға басып озғандай. Адамның жай-күйін детальдар арқылы байқауға болатын адалдық сезімтал дүние саналады және Ләззат Ханимнің үйреншікті дүниені жеке деңгейде бейнелеу тәсілі де сондай.
Махаббат – саяси дискуссиялардың, сондай-ақ өнердің басты тақырыбы. Сондай-ақ махаббат саяси құрал ретінде де қолданылады. Ада Юдың туындысы махаббатты сезімтал бейнеге ораса, Леонид Хан оны мүлде басқаша бейнелейді: махаббат – жақындық, қолайсыз және қауіпті орта болуы мүмкін. Біз өзімізді сезімтал әрі саясаттан ада сезіне аламыз ба? Сезімталдық күнделікті ісімізде: сіріңкенің жануынан не ағаштардың шуынан байқала ма?
Компьютерленген қылыш, терезе жақтаулары мен тәуелділік сезімінен ортақ символ байқаймыз ба? Мұның бәрі мәдениеттің араласуына және оны біздің қалай қабылдайтынымызға тікелей байланысты.
Қатыстылық пен тиесіліліктің қатар келетін мәңгілік сезімі – осы уақыт пен кеңістікте нені сезініп, алаңдайтынымыздың көрінісі. Осы жақта да, ана жақта да, ешқайда да жоқ болмыстың түрі.